14.08.2024, 11:45
Оқылды: 123

БҚО-да 90-ға жуық мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтті

Мемлекеттік қызмет саласында оқыту арқылы мемлекеттік қызметшілердің құзыреттерін үнемі жетілдіруге ерекше назар аударылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мәлімдеді.

ЖП, әкімдік акимат

«Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтиды.

Мемлекеттік қызметшілердің құзыретін жетілдіру мақсатында біліктілік арттыру семинарлары ұйымдастырылады. Аталған курстарынан мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үш жылда бір реттен өтеді.

Жыл басынан Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдарда 725 мемлекеттік қызметші оқытылды, соның ішінде қайта даярлау курстарынан – 84, біліктілігін арттыру семинарлардан – 641 маман өтті.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Президент жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға мүмкіндік беріліп, даярлау қарастырылған.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мемлекеттік органның жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда, мемлекеттік органдарда 20 Мемлекеттік басқару академиясының түлегі қызмет атқарып жатыр.

Бұл ретте, бірлесіп атқарылған жұмыс нәтижесінде екі жыл қатар мемлекеттік қызметшілердің Мемлекеттік басқару академиясына түсуге қызығушылықтары артып, өңірден 2023 жылы – 14 адам, 2024 жылы – 8 адам мемлекеттік грантпен оқуға мүмкіндік алғанын атап кеткен жөн.

Сонымен қатар академияның түлектеріне жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі», деп хабарлады департаменттен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале