14.08.2024, 14:30
Оқылды: 110

Олимпиаданы көру үшін Парижге қанша турист барды?

Бірер күн бұрын Франция астанасында ХХХІІІ жазғы Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті. Париждегі бәсеке билет сатылымы жағынан ойындар тарихындағы рекордты жаңартты. Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі жазды.

5A8EB511-D144-42A2-96E0-4BE74F51E07C

Фото: Сали Сабиров, Владислав Семенов / Olympickz

Биылғы кешенді жарыс кезінде 10 миллионға жуық билет жанкүйер қолына тиген. Осыған дейінгі көп сатылым 1996 жылы Атлантада болған (8 миллион билет).

Ал Парижге ойындар атмосферасын сезіну үшін 15 миллионға жуық турист барды. Бұдан бөлек ареналарда 45 мың ерікті спортшылар мен қонақтарға қызмет көрсеткен.

Еске сала кетейік, Қазақстан делегациясы төрт жылдықтың басты бәсекесінде 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен 43-орын алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале