14.08.2024, 15:30
Оқылды: 93

Бибісара Асаубаева Тбилисидегі Гран-при турниріне қатысады

FIDE-нің (Халықаралық шахмат федерациясы) әйелдер арасында шахматты дамытуға бағытталған ауқымды жарысы биыл Грузия астанасы Тбилисиден бастау алады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

6D609188-C074-4A17-B2E2-D8EB4A4EF4F7

Сурет Бибісара Асаубаеваның жеке парақшасынан алынды

Әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-Придің барлық кезеңінде Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева сынға түседі.

Ал Тбилисидегі бірінші кезеңде отандасымызбен бірге мына шахматшылар жүлдеге таласады:

Анна Музычук, Мария Музычук (Украина), Нана Дзагнидзе (Грузия), Сарасадат Хадемальшарьех (Иран), Александра Костенюк (FIDE), Рамешбабу Вайшали (Үндістан), Алина Кашлинска (Польша), Лела Джавахишвили (Грузия), Ставрула Цолакиду (Грекия);  

Жарыс қожайыны ретінде Грузия екі гроссмейстер қоса алады. Турнир айналмалы жүйе бойынша (9 тур) 14-25 тамыз аралығында Biltmore Tbilisi қонақүйінде өтеді.

Алғашқы 40 жүріске 90 минут беріледі. Ал ойынның қалған бөлігіне 30 минут (алғашқы жүрістен кейін әр жүріске 30 секундтан беріледі) қарастырылады.

Айта кетейік, Гран-приде биылдан бастап жалпы қатысушылар саны 16-дан 20-ға жетті. Сонымен қатар маусымдағы турнир саны төртеуден алтауға, Гран-придің жалпы жүлде қоры да көбейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале