15.08.2024, 0:00
Оқылды: 145

Жаңақалада аудан мерейін асқақтатқан кеш өтті

Бүгін құрсағы алтын, құшағы ыстық, талай дүлдүл мен күй алыптарының өлкесі Жаңақала өңірінде Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық оркестрінің мүшелері іссапармен келді.

image-14-08-24-11-17-3

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы бастаған жерлестер ақ ұсынып, аудан кіре берісінен қарсы алды. Әрі қарай, мәдени демалыс орталығында аталмыш өнер иелерінің концерті басталды.

image-14-08-24-11-17-2

Сөз саптауымен көрермен есінде қалатын бір туар азамат Дәулеткерей Құсайынов кеш шымылдығын ашып, алғашқы болып алып күйші Құрманғазының Балбырауын күйі орындалды. Көркемдік жетекші мен дирижёрлардың сүйемелдеуімен қазақ, орыс, шетел композиторларының әндері шырқалып, жиналған жұртшылық шапалақтарын аямады. "Сен қандай бақыттысың, келер ұрпақ…" деп Қасым Аманжолов айтып кеткендей, өскелең ұрпақтан бастап, еңкейген шалға дейін жиында төбе көрсетуінің өзі бір мәртебе екені анық. Оған дәлел Сиғватолла Ешкаевтың орындауындағы "Жан досым" және "16 қыз" әндері. Жанды тебірентіп, шаттық сыйлаған туындылар кім-кімнің де көңілінен шығып, өнерімен сусындатқаны рас.

image-14-08-24-11-17-4

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық оркестріне аудан әкімінің атынан алғысхат табыстап, жылы лебізін білдірді.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале