16.08.2024, 9:30
Оқылды: 93

Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің орта мерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті. Бұл туралы Ақорда жазды.

067C4B53-DF3D-4023-998E-C9ABFC35D2D0

Суреттер: Ақорда

Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, Үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды.

C8A18353-7476-44B0-B20B-31BE97229C07

Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5-7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр.

Мемлекет басшысы Үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале