16.08.2024, 11:45
Оқылды: 131

Тасқалада жол құрылысы қалай жүріп жатыр?

Ауыларалық және қалааралық көлік қатынасының сапасын арттыру, жолаушылар тасымалын жолға қою ісінде – жол құрылысының маңызы зор. Сол себептен автомобиль және көше жолдарының сапалы жөнделуіне мемлекетте ерекше мән беріп отыр.

BC12219C-E3B3-452E-8206-B70BC8263F48

Жалпы жол құрылысына қыруар қаражат жұмсалатынын ескерсек, жұмысты сапалы атқаруға ең бірінші кезекте жауапты мердігер мен мекеме басшыларының мүдделі болғаны абзал.

Осыны ескерген Тасқала ауданы әкімі Талғат Шакиров әр жұмыстың сапалы атқарылуына көңіл бөліп, бақылауда ұстап келеді. Қазіргі таңда Ақтау ауылында ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

0CD6E156-E418-42D7-AC03-9B3474EE7B71

Аталмыш жобаға 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қаражат бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмысы басталған болатын.

Жоба құны 719 435,0 мың теңгені құрайды. Мердігер – «Тоби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жөнделетін жолдың ұзындығы – 5,6 шақырым.

Қазіргі уақытта жол негізін дайындау, яғни су өткізгіш сақиналар орнату жүргізіліп жатыр.

Нысанды биыл көшпелі тәсілмен аяқтау жоспарланып отыр. Жол құрылысымен танысып, жұмыс барысын көзімен көріп қайтқан Талғат Асқарұлы мердігерлерге жұмысты бірден сапалы жүргізуді тапсырды.

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале