Кеше "Достық" саябағында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай "Жайық Жастары" фестивалінің қорытынды кеші өтті.
Теуелсіз еліміздің жадыраған жастары бүгінде қай салада болмасын егеменді елдің өркендеуіне білімі мен біліктілігін, талабы мен таланттылырын шыңдап, шыңы биік шындарға шарыктаған, еңбек етуден
жалықпаған Казталов ауданының жастары жарқын болашаққа жол ашып келеді. Биылғы жылы облысымыз бойынша 12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай «Jaiyq Jastary 2024» жазғы фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында 13 аталым аясында әр ауданнан спорт, онер, білім саласының майталмандары сайыска түсіп, бақ сынасты.
Аудан намысын қорғаған жастарымыз бірнеше аталымдарда топ жарып, көзге түсті. Атап айтар болсақ, «Би» аталымында Халыктық «Қарлығаш» би ансамблі топ жарып, «Арқан тартыс» аталымында Көктеректік жастар қарсылас шақ келтірмесе, «Қазақ күресі» аталымында жастарымыз екінші орынды иеленді. Сондай-ақ «Үздік мобилограф» аталымы бойынша мобилограф Шыңғысхан Мақатұлы екінші орынға ие болды. Жалпы командалық сайыс нәтижесінде «Jaiyq Jastary 2024» жазғы фестивалінде Казталов жастары жүлдегерлер қатарына қосылуына аз ғана ұпай жетіспей, ІV орынға ие болды.
Қазақ халқының қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы: «Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әркашанда әзір болу керек», деп жастық шақты ерекше атап өткен болатын.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева:
- Құрметті аудан жастары сіздерді 12 тамыз- Халықаралық жастар күнімен құттықтаймын. Бұл мереке облысымыз бойынша 1 тамыздан бастау алды. Он күнге созылған “Жайық Жастары” фестивалінде ауданымыздың жастары алдыңғы қатардан көрініп, белсене қатысты. Ауданымыздың абыройын асқақтатқан жастарға алғысымды айтамын. Біздің ауданымызға 7000-ға жуық жастар бар. Ол жастардың жұмысын, мемлекеттік бағдаламаларды көрсету аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Мұқағали Өтегенұлының демеуімен жүріп жатыр. Ерлікке, білімге, дамуға талпынған жастарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын, - деді.
«Жайық Жастары» фестивалінде спорттың
футбол, волейбол аталымдары, «Ұлттық би», «Сурет салу», «Үздік мобилограф аталымдарында белсенділік танытып, өз шеберліктерін көрсеткен «Жайык Жастары» фестивалінде белсенді атсалыскан аудан жастары Шыңғысхан Мақатұлы Қонысбаев, Айбек Айболатұлы Бисемалиев, Ерназар Ізбасарұлы Катуов, Артур Ахметқалиұлы Қойшыбай, Манат Махсотұлы Қуандықовқа алғысхат пен естелік табыстады.
Мерекелік кеш ауданымыздың өнерлі де, дарынды жастарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. XXI ғасырдың жалынды да белсенді жастары бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
Кеш соңында аудан тұрғындарына Казталов ауданының тарихы мен танымал тұлғаларының өмірбаяндарынан құрылған викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға естелік сыйлық табысталды.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы