Қайырымдылық
Жалпақтал ауылының 35 жасар тұрғыны Әйгерім Саматқызына көрсетілген ауылдастарының көмегі ұшан-теңіз. Елдің елдігі басыңа қиындық іс түскен сәтте бірден білінетіні даусыз. Осы тұрғыда жазылмас ауыр дертке ұшырап, шарасыз күйге түскен Әйгерімнің жағдайын жұдырықтай жүректерімен сезінген жалпақталдық ағайындар тайлы-таяғы қалмай көмекке келіп, санаулы уақыт ішінде қаржылай көмек көрсетіп, ел болып жәрдем беріп жатыр.
Кеше ғана Жалпақтал ауылдық округі әкімінің жүлдесіне арналған футболдан өткен көшеаралық жарыста І орын алып, жеңімпаз атанған «Тайфун» командасы өздері жеңіп алған 200 000 теңге жүлде қорын бірауыздан Әйгерімнің есепшотына аударуға шешім қабылдаса, оларға қосылған ІІ орын жүлдегері «Стрелла» командасы да 50 000 теңге қаржылай көмегін аяқтай апарып табыс етті.
Үндістан еліне барып, қажетті ем алуға шұғыл көмек көрсеткен барлық ауылдастарының ниет-тілектері қабыл болып, Әйгерім тез арада сауығып, арамызға аман-есен оралсын.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы