19.08.2024, 15:30
Оқылды: 123

«111» байланыс орталығы қалай жұмыс істейді?

«2023 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111» байланыс орталығы жұмысын бастады», - деп хабарлады Азаматтарға арналған Үкімет» МК» КЕАҚ басқарма аппаратының бірыңғай байланыс-орталығы.

3F001D0F-6C93-42E8-BD8F-136E02F393CE

Сурет: pixabay.com

«111» байланыс орталығының мәртебесі, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде бекітілген.

«111» байланыс орталығы болып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ белгіленді.

«111» байланыс орталығының қызметкерлері өмірлік қиын жағдайларға тап болған, әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдауға мұқтаж әйелдер мен балаларға тәулік бойы консультациялық қолдау көрсетеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің құрбаны болған азаматтардан өтініштерді, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале