20.08.2024, 10:00
Оқылды: 53

Күрестен әлем чемпионаты: қазақстандық екі балуан финалға шықты

Бүгін Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

60E7A918-CEC0-41CB-9DCB-E98FC82F1869

Фото: UWW / Olympic.kz

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынауда. Бүгін кілемге шыққан балуандар арасынан екі қазақстандық балуан финалға шықты.

55 келі салмақта Алпамыс Болатұлы ақтық сынға жолдама алды. Іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңді. Алпамыстың финалдағы қарсыласы - америкалық  Джейден Скотт Рэйни.

80 келідегі Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдеседі. Ол жартылай финалда әзербайжандық балуаннан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы - нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин.

Сондай-ақ, 48 келідегі Едіге Төлеутаев қола медальға күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале