20.08.2024, 12:45
Оқылды: 192

Теректіде «Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасып жатыр

Теректіде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «AMANAT» партиясы мұғалімдердің сауаттылығын арттыруды қолға алды.

73624D22-EF98-410E-A32A-DE2395D956F0

Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында аталмыш жобаның тиімділігіне тоқталып, Үкіметпен бірлесіп, бүкіл ел бойынша оның ауқымын кеңейтуді тапсырған еді.

Осы орайда Шаған ауылдық мектебінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды.

Аталмыш шараның ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев, Шаған ауылдық округінің әкімі Ербол Исеев және жоба менторы Назгүл Шарафеддинова қатысты.

5B5333BB-78B5-416E-A3E8-39DC488B7187

Ұстаздар қауымы арасында ұйымдастырылған оқытуға аудан бойынша 50 мұғалім қатысып отыр.

Алғаш болып сөз алған Мирхат Мақсотұлы жобаның мақсатына тоқтала келіп, оқуға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл жоба осыған дейінде аудандағы барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылып, білім алған бірнеше адамға арнайы сертификат тапсырылды. Ал жобаға қатысушылар оның тиімділігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Жоба жалғасын тауып келеді.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале