21.08.2024, 9:15
Оқылды: 58

Қазақстандық оқушылар географиядан халықаралық олимпиадаға қатысып жатыр

Ирландияның Дублин қаласында географиядан IGeO-2024 халықаралық олимпиадасы басталды. Бұл жарысқа 50 ел қатысуда. Еліміздің құрама командасында төрт оқушы бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

4B74562E-03B2-40FC-A113-99F880526AC5

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Команда құрамында:

Ақжол Болат — ФМБ НЗМ, 11-сынып оқушысы,  Талдыкорған қаласы;

Арсен Сыдықов — ХББ НЗМ, 11-сынып оқушысы,  Шымкент қаласы;

Қанат Серікбай — ХББ НЗМ, 11-сынып оқушысы, Шымкент қаласы;

Жомарт Сабыр — Дарынды  балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Жамбыл облысы.

Команда  жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді - «Дарын» РҒПО директордың орынбасары, Мақсат Аубакиров - «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.

Қоса өтейік, IGeO 1996 жылдан бері IGU Халықаралық географиялық одағының қолдауымен өткізіліп келеді. Жарысқа 16-19 жас аралығындағы ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады.

Негізгі мақсаты — оқушылардың география мен қоршаған орта туралы басқа да ғылымдарға қызығушылығын арттыру және халықаралық байланыстарды дамыту. Бұл халықаралық білім додасында Қазақстан құрамасы 2023 жылы 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале