20.08.2024, 12:15
Оқылды: 95

Еліміздегі тұрғын үйлердің 68%-ында жылыту маусымына дайындық жұмысы аяқталды

E88931B6-7A9F-4CD8-BD29-E8264CE79979

Сурет: Үкімет

Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Халықтың және бюджеттік ұйымдардың көмірге деген қазіргі қажеттілігі туралы баяндалды – ол шамамен 8,6 млн тонна. Мамыр айының басынан бері 1 млн тоннадай жеткізілген. 

Жалпы, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы 88%-ды құрайды. Кестеден артта қалу көрсеткіші ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары мен Алматы қаласында тіркелді, деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы  87%-ды құрайды. Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34 169 үйде аяқталды – бұл жоспардың 68%-ы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале