20.08.2024, 17:00
Оқылды: 125

БҚО-дағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы: төрт бағытқа ерекше назар аударылған

Бүгін Атамекен өнер ордасында «Батыс Қазақстан облысының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету: өзектілігі мен келешегі» атты қорытынды аймақтық конференция өтті.

6d02e4fa-14dd-4bde-92c8-a31578fce827

Шараға БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Шелл» және «Эни» компанияларының ресми тұлғалары, EASST өкілдері, жергілікті қауымдастық пен БАҚ өкілдері қатысты.

900ca28b-df5c-4aa7-a202-0cae1abc49a4
Шараның мақсаты – «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасының қорытындысын шығару, БҚО-дағы жол қозғалысының қауіпсіздік денгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік билік жене жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бизнес, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ-тың бірлескен күш-жігерінің арқасында қол жеткізілген жетістіктерді көрсету. Облыстағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайын өзектендіру, басымдықтар мен перспективаларды анықтау және талқылау.

8ad419c5-9fd3-4290-a279-406de8f752f3

– Бұл конференция біздің бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар біздің өңірдегі жол қауіпсіздігін одан әрі дамыту және жетілдірудің бастапқы нүктесі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің облыстың басымдықтарының бірі. Жобада 4 негізгі бағытқа ерекше назар аударылған болатын. Апаттан кейінгі шұғыл әрекет ету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және көшені трансформациялау, мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және жалпы қауіпсіз жүргізуді ынталандыру. Бұл қалалық ортаның барлық аспектісін қамтитын көпдеңгейлі тәсіл. Бұл оң өзгеріс әкелетініне сенімдімін, - деді Бақытжан Хаберұлы.

Марзия Зеин,

фотолар автордікі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале