22.08.2024, 9:15
Оқылды: 118

Биыл 13,4 мың шақырым электр желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталды – Энергетика министрлігі

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

3FC59FC7-7D82-4093-9DDB-38B3FEDD4227

Сурет: pixabay.com

«Жүйелік оператор бекіткен электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 2024 жылы 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Әр түрлі кезеңдерде 1 энергоблокта, 28 қазандықта, 22 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 4 энергоблокта, 21 қазандықта және 17 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.

Электр желілерінде 2024 жылы жалпы ұзындығы шамамен 20,8 мың км электр беру желілерін, 423  бірлік жоғары вольтты қосалқы стансаларды күрделі жөндеу жоспарланған. 13,4  мың км электр беру желілері мен 277 қосалқы станса, 2 292  тарату пунктінде жөндеу жұмысы аяқталды», - дейді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале