21.08.2024, 13:01
Оқылды: 124

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: әлемнің 35 елінен келетін ең үздік садақ атушылар қазақстандық өнімді пайдаланатын болды

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бүгінгі таңда ұлттық құрама спортшыларшылары анықталып, қатысушылардың барлығы дерлік дүбірлі додаға сақадай сай, деп хабарлады Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі.

A4B58DDC-E338-4F76-B5C2-E7982C16AF8E

Суреттер: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, садақ ату спорт түрі бойынша елімізге 35 мемлекеттен 200-ден аса спортшы келеді.

«Біздің садақ атушыларға Түркия, Қырғыстан, Моңғолияның мергендері бәсеке тудырары анық. Франция, Италия, Испания, Қытай, Тайланд, Ираннан келетін спортшылар да өте мықты. Дегенмен, біздің спортшылар да осал емес. Жүлдеден үміттіміз», - дейді бас бапкер Диас Ахметов.

ABFE71F2-8403-4B10-90E3-555CF5C9B0EE

«Осы уақытқа дейін ұлттық құрама құрал-жабдықтардың басым бөлігін Түркия, Мажарстан, Ресейден тапсырыс беріп алдыртатын. Кейінгі жылдары еліміздегі өндірісте жолға қойыла бастады. Алдағы Көшпенділер ойынына отандық өнім «Алтын жебе» атты цехтың шығарған оқтарын қолданамыз. Сол үшін халықаралық стандарттарға сай жасалған 2 000-нан аса оқ дайындап қойдық», - дейді дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ербол Тапенов.

Дәстүрлі садақ атудан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 10 спортшы қорғайды.

Ұлттық құраманың мүшелері де дайындық барысында отандық өнімді пайдаланып, жаттығуларын пысықтап жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале