21.08.2024, 16:00
Оқылды: 113

Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ-дың доценті Башқұртстанға жұмыс сапарымен барды

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Зинолла Мүтиев жұмыс сапарымен М.Ақмолла атындағы БМПУ-ға барды. Бұл туралы БҚУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.
A2E73B1B-CCA7-4DD5-8553-4D7DD82FBD50
Суреттер: БҚУ-дың баспасөз қызметі
Сапардың мақсаты – М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті кітапханасының базасында Орал өңірі ақын-жазушыларының әдеби мұрасын терең зерттеу, сондай-ақ ресейлік әріптестермен тәжірибе алмасу болды.
0A267ADF-D573-4E30-909D-F4D2C816DC5C
Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әдеби байланыстарға ерекше назар аударылды. Зинолла Жақсылықұлы Орал-Каспий өңірін қамтитын гранттық жоба шеңберінде өз зерттеулерін ұсынды және болашақ ғылыми еңбектеріне енетін БМПУ кітапханасы қорының материалдарын зерттеуге қызығушылық білдірді.
353726AE-7062-45B3-BE8F-C8C622247880
Сондай-ақ БҚУ студенттеріне БМПУ-да тағылымдамадан өту туралы ұсыныс талқыланып, университет кітапханасына «Әдеби өлкетану: қоғамдық сананы жаңғырту» хрестоматиясының томдары тарту етілді.
F2FF7C47-6063-4FA2-A0C3-C71335593451
46D0A3FA-A733-41D1-8FAD-8FDDBBD86EBF
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале