Осы жылдың 7 айында жалпы көлемі 2,5 млн тоннаны құрады. Қазақстандық порттар арқылы ҚХР-дан Еуропаға транзиттік жүктер саны 14 еседен артық өсті. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов осындай мәліметтерді келтірді.
Сурет: ОКҚ
«Биыл біз Ақтау және Құрық порттары арқылы 8 млн тоннаны, оның ішінде ТМТМ бойынша – 4,2 млн тоннаны ауыстырып тиеуді жоспарлап отырмыз», - деді спикер.
Оның айтуынша, экспорт және транзитпен қатар импорттық жүк ағынының 50%-ға өсуі байқалады.
«Бұл өз кезегінде еуропалық компаниялардың ТХКБ маршрутына қызығушылығын көрсетеді. Бұл факторға соңғы жылдары қабылданған ТХКБ дамыту бойынша кешенді шаралар ықпал етті», - деді Қасым Тілепов.
Оның ішінде қытай тарапымен екі Келісім ратификациялау, Сианьда қазақстандық терминалдың ашылуы бар.
Шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді оңайлату бойынша шаралар қабылданды, қытайлық тараппен өз экспорттаушыларына субсидиялар беру пысықталды.