23.08.2024, 15:15
Оқылды: 69

Еңбек министрлігі: проблемалық кәсіпорындар саны 14%-ға азайды

Жұмыс берушілер тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. 322 млн теңгеге 3 мыңға жуық айыппұл салынды. Негізгі бұзушылықтар – жалдау-жұмыстан босату практикасына байланысты мәселелер, жалақы бойынша берешек, еңбек шартын жасаспау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов хабарлады.

00D623B1-D0A1-497E-B8EB-37ADADD6B0B5

Сурет: ОКҚ

«Жыл басынан бері 15 мың қызметкерге 3,3 млрд теңге мөлшерінде берешек бары анықталды. Қабылданған ден қою шаралары: бүгінгі таңда 13 мың қызметкерге 2,6 млрд теңге төленді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, министрлік тексеру парақтары шеңберінде профилактикалық бақылау жүйесін автоматтандырады, бұл еңбек заңнамасын бұзатын жұмыс берушілерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Адал жұмыс берушілерге мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан қандай да бір тексерулер жүргізілмейді.

Мұның бәрі кәсіпорындардың цифрлық картасы негізінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде еңбек тәуекелдері картасына әдіснамалық тәсілдер әзірленді.  Қазіргі уақытта мониторинг жүйесінде 13 мыңнан астам жұмыс беруші бар.

«Егер осы карта іске қосылған сәуір айымен салыстыратын болсақ, проблемалы кәсіпорындар саны 14%-ға азайған», - деді Ақмәди Сарбасов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале