22.08.2024, 23:00
Оқылды: 148

Қаратөбе ауданында өткен рухани шарада отбасы құндылықтары дәріптелді

Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінде «Отан – оттанда ыстық» тақырыбында танымдық рухани шара өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған дөңгелек үстелге ақсақалдар мен пробациялық бақылауда тұрған азаматтар қатысты.

Отбасы құндылығы (1)

«Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі турасында келелі әңгімелер өрбіді.

Отбасы құндылығы (5)

Кездесуде сөз сөйлеген Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев пен ауыл ақсақалы Бейбіт Сағынғалиев көтерілген тақырып бойынша орамды ойларын, толғамды пікірлерін айтты.

Отбасы құндылығы (4)

Адам бойынан табылатын ізгілік, мейірімділік, қамқоршылық қасиеттері турасында Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінің директоры Сәбит Хасанов әңгімелесе «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Жәнібеков шараға қатысушыларға шешендік сөздер жазылған кітаптарды тарту етті.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале