25.08.2024, 10:03
Оқылды: 12

Құнан бәйге жеңімпазы – Бақторы

Қала шетіндегі Бортаудағы атшабарда өтіп жатқан бәйгеден ел чемпионатының 9-шы іріктеу кезеңі 10 шақырымдық "Құнан бәйгесімен" басталды. Еліміздің әр түкпірінен келген 30 құнан жарыс көркін қыздырды. Әп дегеннен ауыздықпен алыса жөнелген құнандар көрермен алдынан өткенде тіптен арқаланып кеткендей әсер қалдырды. Десе де айналым бұрылысына жеткенде құнан күшін құртпауды ұйғарған шабандоздар тізгінді тартты. 

IMG-20240825-WA0012Фото авторы: Мәди Салық 

Төрт айналымда сынға түскен құнандар екінші айналымды аяқтаған кезде 15 жүйрік суырылып алға шықты. Сәл артта қалғандар да көрермен қиқуынан күш алып, шабысына шабыс қосты.

IMG-20240825-WA0020

Бәйгеде алдынғы бес орынды иеленген жүйрік Алматы қаласында өтетін ел біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алды. Көрермен делебесін қоздырған бәйге қорытындысында 1-орын "Бақторы" атты құнанға бұйырды. Шабандозы – Исламнур Ертөс. Ат иесі-Оразбаев Алмаз. Бапкері- Тукенов Мақсат (Астана қаласы);

2-орынды "Фантастик" Шабандозы-Бекзат Алибек иеленді. Ат иесі-Қадырбек Токмурзин. Бапкері-Қадырбек Токмурзин (Қостанай облысы);

IMG-20240825-WA0019

3-орын. "Сеньора"– Шабандозы-Оразму Тулеген ие болды. Ат иесі- Асан Қадырбаев Рахат Бекмағанбетов (Маңғыстау облысы);

4-орын. "Айтолқын", шабандозы-Әли Қалқамжай. Ат иесі- Берік Есенғалиев Бапкері - Нұрбек Райымбек (БҚО);

IMG-20240825-WA0011

5-орын. "Ақтілек", шабандозы – Шалқар Мухамбет. Ат иесі- Жексенбай Ахметов Бапкері - Жексенбай Ахметов (Маңғыстау облысы) бұйырды.

Түгелбай Бисен,

"Орал өңірі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале