25.08.2024, 9:30
Оқылды: 143

Тауда таудай жұмыстар атқарылып жатыр

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов пен оның орынбасары Жақсылық Абдолов Тау ауылында болды.

image-24-08-24-05-29-4

Биыл мемлекеттік бағдарлама арқылы аталған ауылда ауыз су құбырына реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жер асты ұңғыма су көздерін қазу жұмыстары жүргізіліп, ол жұмыстарды «Жайықгидрогеология» ЖШС-і атқаруда. Жоспар бойынша тұрғындарға сапалы ауыз су беру жұмыстары қазан айында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ Тау ауылында екі пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қыркүйек айының ортасында тұрғын үйлер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

image-24-08-24-05-29-1

Сонымен қатар биыл Тау ауылына кірме жол жөнделіп, қазіргі таңда жол жиектерін нығайту, айырма жол белгілерін қою жұмыстары ғана қалды. Қалған жұмыстары аяқталған. Одан бөлек ауыл тұрғындарының өзекті мәселесі болып жүрген, яғни тоғандарға су айдау жұмыстары өз шешімін тапқандай. Тау ауылдық округінің басқа ауылдардан ерекшілігі – бұл ауылдағы үш тоғанға су тек қана сусорғы арқылы беріледі. Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілген конкурстарға түскен жеткізушілер сусорғыны әкеліп бермеуі салдарынан күні бүгінге үш тоғанға су айдау жұмыстары жүргізілмеді. Алайда аудан әкімдігі тарапынан қаражат бөлініп, қазіргі таңда су айдау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша қыркүйек айының басында тоғандарды сумен толтыру жұмыстары атқарылатын болады. Сонымен қатар жергілікті һәм аудандық мәслихаттың депутаты Тілекбек Мұханбетжанов келесі жылғы жоспарға тоғанды тазалау және тоғанға дейінгі каналдарды тереңдетіп қазу жұмыстары бойынша ұсынысын айтты.

Аудан әкімі Тимур Серікұлы: «Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да атқарылатын болады», - деді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале