25.08.2024, 18:00
Оқылды: 82

Әскери бөлімде "Конституция – кемелдік кепілі" атты патриоттық кеш өтті

Бүгін Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлім жеке құрамымен "Конституция – кемелдік кепілі" атты патриоттық кеш өтті.

IMG-20240825-WA0030

Бұл шара Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы және қалалық мәдени ағарту бірлестігіне қарасты "Әйгерім", "Гүлдәурен" балалар аула клубымен бірлесіп өткізілді. Шара барысында "Ел ардағы – Ата заң" бейнеүзік көрсетілді. Кітапхананың бөлім басшысы Бибігүл Айтқалиқызы "Конституция –  кемелдік кепілі" атты кітап көрмесін таныстырды.

IMG-20240825-WA0032

Шара барысында жас өнерпаздар, әскери бөлімнің сарбаздары өз өнерлерін көрсетті. Патриоттық кеш барысында тәрбие бөлімшесінің аға офицері майор Алмагүл Жұмабекова, ҚР Конституциясы – мемлекет негізінің іргетасы екенін, тәуелсіздіктің басты құндылығы – Ата заңымызды қадірлей алатын, білімі терең, парасатты, егемендігімізді одан әрі баянды ететін жастарды тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу, Отанға деген сүйіспеншілікті орнату – басты міндетіміз екенін атап көрсетті.

IMG-20240825-WA0031

Іс-шараны қортындылай келе, әскери бөлім сарбаздары кітапхана ұжымына және аула клубы тәрбиеленушілеріне зор алғыстарын білдіріп, бөлім басшылығы атынан мадақтамалар табыстады.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале