Өзбекстанда байдарка мен каноэде есуден 2024 жылғы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталмыш бәсекеде сынға түсіп оралдық Мария Бровкова 500 метр қашықтықта жарысқан ескекшілер сынының қола жүлдегері атанды.
Сурет спортшының инстаграм парақшасынан алынды
Бәсекені биылғы олимпиада ойындарында командалық сында чемпионы атанған украиналық Людмила Лузан жеңіп алды. Күміс жүлде чилилік Хосе Мария Майллард иеленді. Айта кетейік біздің Мария Париждегі олимпиадада жұптық сында 11-ші, жекелей сында жартылай финалға жолдама ала алмады.
Небары 19 жастағы Маша үшін әлем чемпионатының қола жүлдесі үлкен жетістік.
Түгелбай Бисен,
"Орал өңірі"