25.08.2024, 17:30
Оқылды: 7

Теректіде ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойына арналған әдеби кеш өтті 

Теректі аудандық кітапханасында ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жас мерейтойына арналған әдеби кеш өтті.

8fe92848-91d0-4b42-8b4e-acd0c2e0ad28

Аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев тағылымды іс-шараға арнайы қатысты. Сондай-ақ ақынның сыныптасы, кітапхананың тұрақты оқырманы Зейнолла Сүндетұлы, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Құспанов, «Теректі жаңалығы» газетінің директор-редакторы Әділет Орынбасаров, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Нұрсұлтан Кәдірғалиев ақынға арналған кештен табылды.

29dc53d7-ee81-4a0d-874e-a05826c29dfd

Мектеп оқушылары жыр оқып, кітапханашылар ақын сөзіне жазылған ән шырқады.

Алғашқы болып сөз алған Қалаубек Баубекұлы:

03cd5785-6800-4407-a97f-43d33aac9ef1

-Ақұштап Бақтыгереева апамыздың қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оны алдағы уақытта кең көлемде насихаттап, жас ұрпаққа жеткізу – борыш. Ақ Жайықтың ақ шағаласын, қазақ поэзиясының маңдайына біткен жұлдызын 80 жасқа толуымен аудан әкімдігі атынан құттықтаймын,- деді.

Әділет Әлібекұлы Ақұштап Бақтыгерееваның туған жерге келген кезінде аудан жұртшылығымен бірге жүздесіп, кездесулер ұйымдастырудың аса қажеттілігін айтты. Сонымен қатар оның жарқын жүзін, әр түрлі бағытта айтқан ой-пікірлерін таспаға түсіріп, мұрағатта сақтаудың маңызын түсіндірді. Нұрсұлтан Жасұланұлы болса аудандағы өлең жазатын жастарды қолдап, әдеби кештер мен түрлі жобалар ұйымдастырып, қазақтың қара өлеңін тұғырға көтеру керектігін де ұмыт қалдырмады. Әуезді ән, жанға жылы өлеңдерді тыңдап, бір жасап қалған кеш қонақтары ұйымдастырушыларға алғыс жаудырды. Соңында кітап көрмесімен танысып, ақын шығармашылығына тағы да қанықты.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале