26.08.2024, 10:30
Оқылды: 99

Біздің оқушылар IGeO-2024-те еліміздің қоржынын тағы төрт медальмен толықтырды

Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

E38A8BF0-C89D-46B9-BFF4-573E4C156776

Суреттер: министрліктен

Біздің команда 100% нәтиже көрсетіп, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды:

ІІ – Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

ІІІ – Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

ІІІ – Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;

ІІІ – Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.

E5B4F126-D46C-46C4-B1BF-2DA30A1F9C75

Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.

Айта өтейік, IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале