Еліміздегі ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгеден 62 771 теңгеге көтерілмек. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін көбейту жоспарланды.
Өзгеріс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген. «Ашық» порталында жарияланған құжат жобасы 31 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.