Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Асқар Исабаев хабарлады.
Сурет: ОКҚ
«Сондай-ақ осы жылдың сәуір айында барлық білім беру ұйымдарына жіберілген алгоритмдер әзірлендік. Алгоритмдерде су объектілері, қоғамдық орындар және аттракциондардағы қауіпсіздік ережелері қарастырылған. Олар мектеп оқушылары әр жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білу үшін қарапайым тілде жазылған», - деді спикер.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін тексеру жалғасуда: жиһаз, спорттық жабдықтар, мектеп жабдықтары, баспалдақтар тексеріледі. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының аумағында және маңында ашық кәріз люктерінің болуы тексеріледі.
«ІІМ-мен бірлесіп білім беру ұйымдарына іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Жоспар жарықтандыруды, жасанды жол бұдырларын, жылдамдықты шектеу және балалар белгілерін орнатуды қамтиды», - деді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.