27.08.2024, 17:30
Оқылды: 104

Теректілік Қадыржан Тұрсынбайұлы үздіктер кітабына енді

Жуырда Астана қаласында «EVEREST» баспа үйінің ұйымдастыруымен әр облыстың талантты ұл-қыздары мен мектеп мақтаныштары жинақталған «Ұлағатты ұрпақ» кітабы шыққан болатын.

096E1C99-F73B-4605-B345-D28764E50E91

Аталмыш кітапқа Теректі ауданының мақтанышы, жауырыны жерге тимеген жас палуан Қадыржан Тұрсынбайұлы еніп, «Жыл үздігі – 2024» төсбелгісінің иегері атанды.

Подстепный ауылының кішкене тұрғыны Қадыржан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. Жаттықтырушысы Нұрсұлтан Болат шәкіртінің болашағынан зор үміт күтеді.

DC7D00CF-9359-4873-84AE-9C3E977092FE

– Қадыржан Нұрсұлтан 2020 жылдан бері үйірмеге келеді. Қазақ күресі, дзюдо сынды спорт түрімен айналысады. Шәкіртіме сәттілік тілеймін, бағындырар белестері көп болсын, - дейді жетекшісі.

Үздік атанған спортшыны округ әкімі Мейірбек Ақылбекұлы қабылдап, жылы лебізін айтып, аудан атын шығарар жастарымыз көп болсын деген тілегін білдірді.

Сонымен қатар жаттықтырушысы Нұрсұлтан Нұрланұлы «EVEREST» баспа үйінің директоры Наурыз Ерланұлының алғысхатымен марапатталды.

Жауһар Нұрым

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале