27.08.2024, 19:00
Оқылды: 104

Ақжайық ауылында «Мектепке жол» акциясы өтті

Қазір елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр. Бұл науқан 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалғасады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу екенін айта кеткен жөн.

B9072A5A-5821-49C6-8EA8-01353787EDC7

Дәстүрге айналған аталмыш акция жаңа оқу жылы қарсаңында Ақжайық ауылдық округінде жалғасты. Оған Орал қаласынан «Медремова ББ» жеке кәсіпкерлігі келіп, оқу-құралдарын төмен бағамен саттыққа шығарды.

Сонымен қатар Ақжайық мектебінің түлектері Аслан Каримов, Нұрхат Кдрашев және ардагер ұстаз Маруа Молдағалиева, Ақжайық ауылдық округі әкімшілігі аппараты, Ақжайық ЖОББМ мектебінің ұжымы көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік танытты.

86840F6E-8B7E-4200-8177-F29FB910ADC9

Жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.

«Жанашырлыққа – жан риза» демекші, Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мирас Сапарғалиев акцияға үлес қосқан жомарт жүректі азаматтарға алғысын білдірді.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале