Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызмет бөлімінің жетекшісі Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрус тауын бағындырып, домбырамен «Адай» күйін орындады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық музыкант бұл шыңға шамамен бір аптада көтерілген. Биікті бағындыру үшін ол жарты жыл бойы дайындалған.
Әлібек Қайырбек республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты.
Ол 9-сыныптан кейін Астанадағы Ұлттық өнер университетінің музыкалық колледжінің домбыра бөліміне оқуға түскен.
Содан кейін «Шабыт» ҚазҰӨУ-ге түсті.
2013 жылдан бері концерттер мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып жүр.