29.08.2024, 9:45
Оқылды: 144

Мария Бровкова: «Болашақта алтын медаль алу үшін еңбектенемін»

Осыған дейін жазғанымыздай, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасының мүшесі Мария Бровкова биылғы маусымды сәтті аяқтады. Өзбекстанда (Самарқанд) өткен әлем чемпионатында Мария қола медаль алды. 

Спортшы бұл жетістікпен тоқтап қалмайтынын айтты, деп жазды Olympic.kz. 

06E94542-0EE7-406A-94C2-C3D87B277F59

Сурет: Olympic.kz

«Ескек есумен 2016 жылдан бастап айналысып келемін. Қазіргі таңда жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Әлем чемпионатын медаль алу үшін көп еңбектендім. 

Болашақта бұдан да зор күш салып, алтын медаль алсам деген мақсатым бар. Жеңіске тынымсыз еңбек, тәртіп және жігер арқылы жетуге болады. 

Биыл Олимпиада өткендіктен, бұл маусым қарбаласқа толы болды. Жарыс легі өте көп, босаңсуға уақыт болған жоқ. Мұндай тығыз кестеге қарамастан, біз төзімділік таныттық.

Самарқандтағы жарыс осы маусымдағы соңғы бәсеке болатын. Енді демалыс алуды жоспарлап отырмын», - деді спортшы. 

Айта кетелік, Бровкова бір адамдық каноэде есуден (500 метр) қола жүлде жеңіп алды. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале