28.08.2024, 15:30
Оқылды: 86

Қазақстанда MICS халықаралық зерттеуі өтеді

2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталады, ол еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова хабарлады.

F4C90CF2-CA6F-4545-AAAC-EB4B413ACF69

Сурет: ОКҚ алаңы

Оның айтуынша, елімізде MICS зерттеуі төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін ол 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. 

«Биыл Қазақстандағы MICS-тің негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатының жай-күйін бағалау және мониторингтен өткізу, сондай-ақ олардың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді ақпарат алу. Бұл олардың әл-ауқатын тиімді бақылауға және ұлттық саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сауалнама денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, санитария, балаларды ерте жастан дамыту және басқа да көптеген аспектіні қамтитын сұрақтардан тұрады», - деді спикер.

Зерттеу Қазақстанның 20 өңірін қамтиды, 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізіледі. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале