28.08.2024, 12:15
Оқылды: 227

БҚО-да өңірлік кадр резерві жасақталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы жылдың ақпан айында бастама алған өңірлік кадрлық резервке іріктеу нәтижелерін қорытындылады. Іріктеу өңірлік деңгейде жас басқарушылардың пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында өткізілді, деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінен.

ЖП, әкімдік акимат

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға мүмкіндік алды.

Биыл өңірлік кадрлық резерв жобасына Батыс Қазақстан облысында 423 өтінім түсті, оның ішінде қойылатын талаптарға сәйкес келген
273 үміткер жобаға қатысу үшін іріктеп алынды.

Іріктеу бірнеше кезеңдерден тұрды, оның ішінде кәсіби дағдыларды, білім деңгейін, сондай-ақ кандидаттардың жеке қасиеттері мен мотивациясын бағалау болды (заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу, құзыреттерді бағалау, комиссиядағы құрылымдық сұхбат).

Іріктеудің негізгі критерийлері көшбасшылық қасиеттер, аналитикалық ойлау, командада жұмыс істеу қабілеті және үнемі кәсіби дамуға деген ұмтылыс болды.

Нәтижесінде өңірлік кадрлық комиссияның шешімімен жеті сала бойынша (индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуемттік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология) өңірлік кадр резервіне қойылатын 30 үміткер анықталды.

Резерве іріктелген азаматтардың тізімі onir.pkrezerv.gov.kz жобаның ресми сайтында жарияланды.

«Біз кадрлық резерв бағдарламасына облысымыздың түкпір-түкпірінен келген талантты мамандардың жоғары қызығушылығын байқадық. Бұл біздің жастардың мемлекеттік қызмет арқылы елдің дамуына үлес қосуға ұмтылатындығын көрсетеді. Іріктелген кандидаттар кәсіби өсу үшін бірегей мүмкіндіктерге ие болады және Қазақстанда болып жатқан маңызды өзгерістердің бір бөлігі бола алады», - деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментің басшысы Мұрат Байсалов.

Резервке іріктелген азаматтар мамандандырылған курстар бойынша оқиды, семинарлар мен тренингтерге қатысады, сондай-ақ тәжірибелі мемлекеттік қызметшілерден тәлімгерліктен өтеді.

Бұл кадрлық резервке қатысушыларға өз білімдерін тереңдетіп қана қоймай, мемлекеттік салада тиімді жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Айта кететін жағдай, резервке алынған адамдар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурс өткізілместен орналаса алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале