7.10.2016, 14:56
Оқылды: 27

Ұстаздардан ұлағат

screenshot_2016-10-07-14-43-54-2Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Даналық бейсенбісі» бағдарламасының кезекті қонағы ҚазССР білім беру және ағарту ісінің үздіктері, ұзақ жылдар бойы білім саласында басшылық еткен ардагер педагогтар Марат Қадыров пен Өтебай Құспанов болды.


Оқушыларды өмірден көргені мен түйгені мол тұлғалармен жүздестіру арқылы тәрбиелеп, бағыт-бағдар беруге арналған бағдарламаның кезекті шарасы ұстаздар күніне арналды. Алдымен зияткерлер қонақтарға ғылыми жобаларын таныстырды.
Одан әрі шара ұжым мен жоғары сынып оқушылары қатысқан кездесуге жалғасты. Бұл күні ұстаз еңбегінің қаншалықты қадірлі екені, оның адамның қалыптасуындағы ролі туралы толғамды ойлар айтылды. Оқушылар сұрақтарына жауап берген ардагер-ұстаздар өмірлік естеліктерімен бөлісті. Өмір бойы облыстың педагогтарымен біте қайнаса жұмыс жасаған Өтебай Құспанұлы «Біздің кезімізде ұстазды пір тұтатын. Ұстаз әрқашан да қадірлі. Бір кездері қиындығын сезілмеген, кейін мақтан тұтатын мамандық» деп оқушыларды ұстаздарын қадірлеуге шақырды. Ал ұзақ жылдар Сырым ауданында білім саласында басшылық қызмет атқарған Марат Сақыпұлы зияткерлерге ұлттық, елдік мәселесінде немқұрайлы болмау, қандай кәсіпті игерсең де, соның жауапкершілігін жете сезіну қажеттігін айтты. Кездесу барысында шәкірттер өнерлерін ортаға салып, әсем ән-билері арқылы ұстаздардың көңілін көтерді. Шара соңында барлығы бірге «Ұстазым» әнін шырқады.

Ақмоншақ Жұмаева,

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

баспасөз хатшысы,

Орал қаласы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале