28.08.2024, 15:45
Оқылды: 183

Шыңғырлауда электр желілері жаңаланып жатыр

Шыңғырлау ауданында жыл басынан бері жарықтандыру бойынша бірқатар мәселе туындаған болатын. Оған электр желілерінің ескіруі де бірден-бір себеп болып тұр. Ауа райы қолайсыздық тудырған кезде әлсіз тұстары шыдамай, жарықсыз қалған кездер аз емес. Осыған орай жөндеу жұмысы қарқынды жүргізіліп келеді.

284D999A-DDCF-45D6-A48B-B88A5411F2BD

Маусым айының басында «БҚО электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ Шыңғырлау ауданы бойынша филиалында және қосалқы станцияларында қайта қарау, тазалау, майлау, сырлау сынды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Қазір Шыңғырлау – Ащысай бағытында орналасқан электр желілері жаңаланып жатыр.

Нақтырақ айтсақ, ескі электр бағаналары алынып, жаңалары орнатылып, тозығы жеткен электр сымдары да жаңасына алмастырылып жатыр.

831C515C-9CB5-4386-9DFC-83498D9BE5FE

Бұл жұмыстарды «ASKU Energy» ЖШС атқарады. Орал қаласындағы аталмыш серіктестіктен ауданға 20-ға жуық маман, жеті техника жіберілген.

Сондай-ақ «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен үш техника және алты жұмысшы келіп, алынып тасталған ескі электр сымдарын жинаумен, яғни, құрылыс қоқыстарын шығарумен айналысып жатыр.

Осындай нәтижелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале