28.08.2024, 20:00
Оқылды: 132

Еңбек миграциясы – елдің қызметінде

Заң мерекесі - Тәуелсіздік мерекесімен егіз.

Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Құқықтанушы болмаса да, әр адам Заң кітабын ашып көргені дұрыс. Конституция «Жалпы ережелер», «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Соттар және сот төрелігі», « Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», «Қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімдерінен тұрады. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды.

1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса,1995 жылы қабылданған Конститутция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға 1998, 2007, 2011 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.

PHOTO-2024-08-28-17-13-56

Аталмыш мереке қарсаңында Сырым ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторының міндетін атқарушы, полиция аға лейтенанты Данара Ишмұхановамен сұхбаттастық.

Айта кетейік,көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындар үшін мемлекет тарапынан ел ішіне жаңа баспаналар бой көтерген болатын. Топан судың топалаңы бірнеше облыстың инфрақұрылымын бүлдірді. Оларды қалпына келтіру, халықтың баспанадан бастап барлық материалдық шығындарын өтеу ел ішінде жұмысшыларға, құрылыс мамандарына тапшылық туғызды. Міне, сондықтан да биыл Қазақстанға шет елден еңбек күші көп тартылды. Шетел азаматтары Сырым ауданындағы құрылыстарға да қатысты. Биылғы жаз еңбек жазы болды ел үшін.

Шет мемлекетте, отбасынан жырақта емін еркін еңбек ету үшін алдымен ереже,тәртіп,әділдік,бір сөзбен айтқанда сол елдің заңы берік болуы қажет.Ең бірінші байлық адам құқығы деп Конституциямызда айтылғандай өзге ұлт өкілдерінің көз қуантардай еңбек нәтижесін көру үшін де алдымен материалдық жағынан бөлек адам құқығының қорғалуы қажет емес пе!? Қарапайым ғана сұрақ: Заңы жүйесіз, Конституциясы қауіпсіздігіңе кепіл бола алмайтын мемлекетке жұмысшы келе ме?! Біздің еңбек күшінен бөлек, түгілі турист те келмейді.

Тосыннан келген табиғи апат, еңбек миграциясының көлемінің күрт артуы көші - қон саласы қызметкерлеріне де жұмыс тауып берді. Данара ханымның айтуынша, бүгінгі таңда ауданымыздағы құрылыс нысандарында 220 өзге ұлт өкілі еңбек етуде. Осы еңбекшілердің бәрінің жекелей келе жатырғаны туралы хабарлама хаты, еңбек етуге деген рұқсаты,кірістер бөлімінен анықтама қағазы,сақтандыру полисі уақытша тұрғылықты тіркелуі және міндетті түрде саусақ іздерінің алынуы осы Данараның мойынында.Шаруаны ертеңгіге қалдырып,мекемеден мекемеге жүгіртіп, қасқалдақтың қанын сұрап отыратын қызметкер емес біздің қыз. Түскі ас түгілі ұйқыны ұмытып, өзге елден келген жұмысшылардың құжаттарын рәсімдеп, еңбекке тез араласуына үлес қосты. Кешеуілдетуге, уақыт жоғалтуға болмайды. Өйткені,шаруа құрылысшыларға қарап тұр.Заңды тұрғыда құжаттары рәсімделмеген болса, еңбек етуге рұқсат жоқ.

Яғни,көктемгі тасқынның салдарымен күресте Данара полицияның аға лейтенант ретінде де саптан табылды.

Құрылысшылардың еңбек маусымындағы тәртібі, бұзақылық жасамауы,ішімдік ішпеуі,ауыл тұрғындарына кесірі тимеуі және т.б талаптарды қадағалау осы маманға тапсырылған болатын.

Данараны біздің оқырман “Қару асынған ару” деп таниды. 1995 жылы дүние есігін ашқан ол 2020 жылы Қазақстан иновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің “Заң және құқықтану” мамандығын бітіріп,бүгінде аудандағы миграция бағытындағы сауалдармен айналысуда. Данараға бұл кабинет, бұл қызмет бөтен емес. Анасы, іскер азаматша “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Сырым ауданының АХАТ бөлімінің басшысы Анар Ишмуханова қызынан болашақта заңның айбынды қорғаушысы шығарына сенеді.

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале