29.08.2024, 14:30
Оқылды: 106

Еліміздің мектептерінде 1 051 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында еліміздің мектептерінде 1 051 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

597C3A6D-E683-423C-9C1C-F0380A67558F

Сурет сайт архивінен / zhaikpress.kz

Аталған кабинеттерде психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.

Бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде 218 ППТК және 105 ПМПК ашылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале