29.08.2024, 15:15
Оқылды: 158

Оралда №7 маршрут бойынша қосымша автобустар шыға ма?

825216F3-DA40-4BFE-9B53-17F8F07CB6E8

Фото: pixabay.com

– Орал қаласына қарасты Деркөл кентіне бір ғана №7 маршруттың қатынайтыны белгілі. Қазір ауылда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үйлер салынып жатыр. Бұл Деркөлден облыс орталығына қатынайтын жолаушылар санының артатынын көрсетеді. Ендеше, №7 маршрутқа қосымша автобустар шығарыла ма?

Алтынай Орынғалиева

Орал қаласының тұрғыны

Абылай Нұрмақов,

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– №7 «Балауса ш/а – Үміт ш/а – Ураллес» бағытындағы маршрутқа «Ақжол-авто» ЖШС қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда аталған маршрут желісінде 22-24 автобус жүр. Қала ішіндегі автобустардың қозғалыс аралығы – 8-10 минут. Деркөл кентіне барғанда бір автобус қозғалыс кестесі бойынша екі бағытқа бөлінетіндіктен (біреуі Ураллес бағытына, екіншісі Үміт шағынауданына), қозғалыс уақыты сәйкесінше 15-20 минутқа ұзарады. Жалпы бұл маршрутта 8 үлкен класты, 16 орта класты автобустар жүр.

Бөлім тарапынан аталған тасымалдаушы кәсіпорын басшылығына Деркөл кентінде бой көтерген үйлерге тұрғындардың көшіп баратыны ескертілді. Соған сәйкес қосымша автобустар шығару және қозғалыс аралықтарын қарастыру қажеттілігі бойынша нақты тапсырма берілді. Бұл жұмыстар – бөлім мамандарының қатаң бақылауында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале