Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Ербол Сарсенғалиевтің ұйымдастыруымен, эндоскопист М.Утегуловтың жетекшілік етуімен тұрғындарға арналған жоспарлы түрде тегін бес ота жасалды.
Білікті хирург, эндоскопист М.Утегулов, А.Дияров, Д.Нуппаев, анестезиолог Ахатжан Маршалұлы бір өт-тас ауруына, бір вентральды жарық және үш ішек полипі бойынша ота өткізді.
Сәтті жасалған ота нәтижесінде науқастар палатаға ауыстырылып, тұрақты ем алып жатыр.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы