Конституция күніне орай Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде күштік құрылымдар арасында арқан тартыстан біріншілік өтті. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұйымдастырылған сайысқа жалпы саны жеті команда, 90-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша, БҚО Полиция департаментінің құрамысы үздік шығып 1 орынға қол жеткізсе, 2 орынды Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің командасы иеленді, 3 орынды БҚО Төтенше жағдайлар департаменті алды.
Жарыс соңында барлық жеңімпаздармен жүлдегерлер «Орал» спорт клубының атынан кубок, диплом және медальдармен марапатталды.