29.08.2024, 16:00
Оқылды: 290

Көктемгі су тасқыны: аңқатылықтар баспаналы болды

Биылғы көктем айы ешкімге оңай тимеді. Елімізде көлемі жағынан соңғы сексен жылдағы ең ірі табиғи апат болып есептелетін көктемгі су тасқынына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында төтенше жағдай жарияланған еді.

F93D4804-E558-4902-8FCB-1A25CC3E60F4

Теректі ауданында да төтеншеліктер дабыл қағып, ел болып құм қапшықтарын тасығаны бәріміздің есімізде. Бұл бағытта жедел құтқару жасағы, полицейлер, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер, еріктілер мен жастар су тасқынымен күрестен шет қалмай өз үлестерін қосты. Жұдырықтай жұмылып бірліктің үлгісін көрсетті.

74CCF93C-86CB-4916-86EC-75D61CF3B0DF

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі», - деп бірқатар тапсырма берген болатын.

590B2F1C-3F72-4808-8E64-BB2B588A232C

Осы орайда ауданымызда комиссия шешімімен апатты деп танылған үйлер сүріліп, орнына жаңа үй салу жұмысы бастау алған еді. Апат болған Подстепный және Аңқаты ауылдық округінде жаңа баспаналар бой көтерді. Қатаң бақылаудың нәтижесінде құрылыс жұмыстары да тәмамдала келді.

Күні кеше подстепныйлық ағайын қоныстойын тойласа, мереке қарсаңында аңқатылықтарға арнап салынған тұрғын үйлер де аяқталды.

FB52A211-ED55-4000-AF7D-10D106587183

Салтанатты түрде тұрғындарға баспана кілтін тапсыру рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «ЖайықМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Жомарт Даркеев, Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты.

«ЖайықМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас демеушілігімен табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен Аңқаты ауылының тұрғындарына арналған тұрғын үйлер салу бойынша құрылыс жұмыстарын жасаған мердігерлер «Фирма Иском» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, директоры – Рафик Мамедов және «Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, директоры – Исатай Темірбаев құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған болатын.

D27FBD2E-1CCE-4C19-9098-C72E0D6D30E5

Аталған мердігерлердің қолға алуымен Теректі ауданының Аңқаты ауылы бойынша 23 тұрғын үйдің құрылысы жүріп, өз иелеріне табысталды.

Қоныс тойға жиналғандарды салтанатты түрде құттықтаған өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы:

– Биыл көктемгі су тасқыны бес ауданымыздың және Орал қаласының саяжай тұрғындарын біраз әбігерге салды. Дегенмен осы қиындық ел болып бірігуіміздің арқасында артта қалды. Облысымызда 775 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Подстепный, Аңқаты ауылдарында 130 үй бой көтереді. Сапалы аяқталып, жұртшылық еңсесін тіктеуге сеп болған 23 үйдің кілтін табыс еткелі тұрмын. Бұған дейін Подстепный ауылында 50 тұрғын үй берілді. 1 000-нан астам саяжай тұрғындары да жаңа баспанаға кіріп үлгерді. Жаңа оқу жылына дейін Сырым, Қаратөбе аудандарының және Орал қаласының тұрғындары шаңырақтарына кіреді, - деді облыс әкімі өз сөзінде.

7402BA76-155C-4D74-A3AF-D9549D539DB1

Тұрғын үй салуға демеушілік жасаған «ЖайықМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Жомарт Даркеевте тұрғындарды жаңа баспанаға ие болуларымен құттықтап, іші тек жақсылыққа толсын деген тілегін білдірді.

Ауыл тұрғындары атынан сөз алған аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серікқали Төреалиев ел алғысын жеткізді:

– Қарғын су бәрімізді біраз әбігерге салғаны рас. Дегенмен қиын-қыстау сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ауылдастарыма ризамын. Оларды біріктіре білген, түрлі қауесеттерге бой алдырмай жарқын күнге сендіре алған, жаңа баспанаға кіресіздер, ешкім далада қалмайды деп жұмыстанған барша ел азаматтарына алғысымызды білдіреміз. Осы сәтті пайдаланып, шынайы рақметімді айтқым келеді. Ауылды су басып, бәріміз ағайын-туманы паналап,қала берді құтқару орындарын паналадық. Адам болған соң неше түрлі ойлар келеді ғой. Енді қайтеміз деп, есеңгіреп қалдық. Бірақ мемлекет, облыс, аудан, ауыл әкімдіктерінің жүйелі жұмыстары өз нәтижесін көрсетті. Баспана кілтін алып тұрған ауылдастарымды шын жүректен құттықтаймын, - деді өз сөзінде Серік Төреалиев.

FE1F3ACC-B54F-4039-9A8D-EED0DA6D3767

Сонымен қатар тасқын кезінде белсенділік танытып, ел жанынан табылған ауыл тұрғындары Нұртай Жанұзақұлы мен Мәншүк Базарбайқызына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова алғысхат табыстады. 

Жауһар Нұрым

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале