30.08.2024, 0:18
Оқылды: 173

Теректіде «Айбыны асқақ Ата Заң» атты салтанатты іс-шара өтті

Теректі аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

IMG_1306

Ата Заңды ардақ тұтып келген аудан жұртшылығының ортасынан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев табылды. Аудан кітапханашылары ұсынған кітап көрмесімен танысып, тарих тереңіне бойлады.

IMG_1106

Сахна төріне тәртіп сақшылары көк Туымыз бен Конституция кітабын алып шыққан соң, мемлекеттік Гимн Шырқалды.

IMG_1130

Содан соң Әлия Биғазықызы құттықтау сөз сөйлеп, әр саланың білікті мамандарын марапаттады.

IMG_1155

IMG_1166

Олардың қатарында аудандық сот судьясы Сәуле Қайсарова, мәслихаттың бас маманы Газим Нұрлабеков, аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мейіржан Әбдіраш, ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полициясы, полиция капитаны Қайрат Абдулов, ІІБ криминалдық полиция бөлімінің технигі, Ақжайық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция аға лейтенанты Дәулет Қанапиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалының Теректі аудандық бөлімінің бас маманы-жерге орналастырушы Ербол Төкестай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Теректі аудандық бөлімінің бас маманы Ұлболсын Шуиншалиева, аталмыш корпорацияның коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалының Теректі аудандық бөлімінің маманы Гүлмира Киндербаева, аудандық кірістер басқармасының бас маманы Қорлан Саламатова, мәдени-демалыс орталығының заңгері Дина Самихова бар. Сондай-ақ аудан басшысы айтулы мерекеде ел намысын қорғап, жүлдемен оралған қос спортшыны, олапдың ата-аналарын һәм жаттықтырушыларын марапаттап, естелік сыйлық тарту етті. Мемлекеттік қызметке кіріскен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Медет Назаралиев пен Құмақсай ауылдық округі аппаратының жетекші маманы Назгүл Сариева ант қабылдады. Кейін аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.

IMG_1263

Үлгілі «Жұлдыз» би ансамбл «Шаттықпен» шаттандырып, «Дала қазынасымен» таңғалдырса, Ислам Мұрат пен Нұрбол Курумгалиев «Кер маралдай» әнін орындап, ыстық ықыласқа ие болды. Оралхан Темірғалиев пен Ерген Мұханбетов күй тартыспен рух берсе, «Теректиночка» «Пусть счастье к вам придет» әнімен көңіл серпілтті. Айнұр Қуанышқалиева «Ұлы дала», Айсұлу Жұбаныш «Жаса қазағым», Аңсар Сағиев пен Эльдар Сатқанов «Бір ел болса», Злиха Қалмағанбетова «Сені сүйемін, Қазақстаным» әндерін шырқады. Кеш соңында Сағидолла Ізделеевтің «Атамекен» әніне теректіліктер тік тұрып, қошемет білдірді. Қастерлі Ата Заң ауданда осылайша ардақталды.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале