30.08.2024, 0:24
Оқылды: 30

Жаңақала ауданында Конституция күні аталып өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында ҚР Конституциясына 29 жыл толуына орай "Ата заң – алтын тұғырым" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

image-29-08-24-10-38

Аудандық орталықтандырылған кітапхана тақырыпқа сай кітап көрмесін дайындап, библиографиялық шолу жасалды.

image-29-08-24-10-38-2

Мемлекеттік Ту мен Ата Заң макеті кіргізіліп, шараның шымылдығы ашылды. Әрі қарай, құттықтау сөз кезегі Алпамыс Жаңабайұлына беріліп, марапаттау рәсімін өтті. Сонымен қатар, аудан көркемөнерпаздары мерекелік бағдарлама ұсынып, жиналған қауым өз қошеметін аямады. Сондай-ақ, жарқын болашағымыз саналатын өскелең ұрпақ та өз өнерін көрсетіп, үлкенді-кішілі көрермен бір марқайып қалды.

image-29-08-24-10-38-1

Әсіресе, Анита Қанатова, Меңдігүл Иманәлиева, Ақерке Ғабдуллина орындаған “Қазақ елі” әні мен Назар вокалдық ансамбілінің “Қазақстаным менің Отаным” әнін хормен орындауы сахнаны жандандырып, жалынды жырлар құлақтың құрышын қандырды. Кеш “Қазақстаным” әнімен қорытындыланды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале