1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда еліміздің басты құжатында "30 тамыз – Конституция күні" деп белгіленді. Ата Заңымыз – бүгінде мемлекетімізде мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі.
Кеше Казталов ауданындағы С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында "Ел ардағы – Ата заң" атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Көк байрағымыз жоғары көтерілді.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қатысып, кеш қонақтарын мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Шара барысында аудандық аурухананың кардиолог дәрігері - Светлана Тәжібаева, Қараоба ауылдық моделді кітапханасының кітапханашысы - Лаура Бердіғалиева, “Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің санитары - Айгүл Жұмағазиева, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы - Бекқали Мусин, Казталов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маман-есепшісі - Лаура Латипова, Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының көмекшісі (материалдық-техникалық қамтамасыз ету және персоналмен жұмыс жөніндегі) - Жаңабіл Ғұмаров, Казталов аудандық соты әкімшісінің бас маманы - Жаңылсын Дүйсенова, Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Гүлжихан Бупешова, Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы - Ержалғас Ишанов, Жалпақтал ауылдық округінің №2 ауруханасының акушері - Құралай Иманалиева, Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы - Айсұлу Асқар, Көктерек ауылдық округі аппараиының бас маманы - Аружан Фатихова аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Сондай-ақ Қазбек Ғазизовке Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің “Еңбек ардагері” медалін табыс етті.
Мерекелік кеш аудан көркемөнерпаздарың әсем әндерімен жалғасын тапты.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы