30.08.2024, 11:28
Оқылды: 164

Дариян ауылында Конституция күніне орай сайыс өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында ҚР Конституциясы күніне және Шекара қызметіне 32 жыл толуына орай құқық қорғау саласы қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

IMG-20240830-WA0065

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Бәйтерек» спорт клубы және «Орал» шекара бөлімшесінің ұйымдастыруымен болған жарысқа Приурал полиция бөлімі, «Орал» шекара бөлімшесі және Дариян ауылдық округ әкімдігі командалары қатысты.

IMG-20240830-WA0064

Ашылу рәсімінде сөз алған ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев пен «Орал» шекара бөлімшесінің бастығы, капитан Әлібек Сембай жиналғандарды Конституция күнімен, шекарашылар мекересімен құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Содан соң «Орал» шекара бөлімшесінің кинолог мамандары шеберлік сағаты өткізілді.

IMG-20240830-WA0067

Спартакиада сайыскерлер асық ату, арқан тартыс және волейболдан сынға түсті.

IMG-20240830-WA0066

Нәтижесінде Дариян ауылдық округ әкімдігінің командасы топжарса, Орал» шекара бөлімшесі мен Приурал полиция бөлімі қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Динара Сахижанқызы,

Дариян ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале