31.08.2024, 10:30
Оқылды: 92

Әйгілі Кабирхан Көшпенділер ойынына қатысуы мүмкін

Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кабирхан

Бұл туралы Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен айтып берді.

"Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр. Оның ішінде 24-і ертең келеді. Сол 24 аттың барлығының да атақтары бар, бүгінгі күнге дейін жеңістерге жеткен. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлігі бар, онымен Құрманбек Тұрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирханды білесіздер, Кабирхан келеді деп жоспарланған", – деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале