2.09.2024, 10:00
Оқылды: 57

Хоккейден Қазақстан командасы Олимпиадаға іріктеу сынын жолдамасыз аяқтады

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Братиславада (Словакия) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп жазады Olympic.kz. 

C264D448-1C34-4B25-9A4E-A55A10BC705C

Сурет: Olympic.kz

Топтағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнды. Екі команда да D тобында алты ұпайдан жинап, Венгрия мен Австриядан басым түскен болатын. 

Олимпиада жолдамасы топта жеңіске жеткен командаға ғана беріледі. Бұл кездесуде 3:1 есебімен Словакия құрамасы жеңіске жетті. 

Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты.

Осылайша, Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды. 

Айта кетелік, аталған турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале