2.09.2024, 10:15
Оқылды: 208

Жәнібекке 1 289 орам шөп жеткізілді

Биылғы қуаңшылық пен киіктердің шамадан тыс көбейіп, шабындық пен жайылым жерлердің тапталуы кесірінен, шөптің өнімділігі төмен болғандықтан қажетті мал азығының қорын қалыптастыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық құрылымдар мен тұрғындарды жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуге үлкен қиындықтар туып отыр.
DCD76112-63B0-4AC1-A771-C6DBD60A39C2
Осыған орай 2024 жылдың 1 тамыздағы №10 шешімге сәйкес Жәнібек ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Шілде, тамыз айларында Жәнібек ауданының барлық ауылдық округіндегі жеке тұрғындар мен ауылшаруашылық құрылымдарының мал азығын дайындау жұмыстарымен танысып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жәнібек ауданы бойынша мал азығын дайындау бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, Ақжайық, Тасқала аудандарынан шөп тасымалдау жұмыстарына келіссөз жүргізіліп, қазіргі уақытта Жәнібек ауданының тұрғындарына 1 289 орама шөп мал азығы жеткізілді.
1 қыркүйек күнгі мәліметке сүйенсек, ауданға барлығы 715 орама шөп, соның ішінде Таловқа – 195, Борсыға – 65, Күйгенкөлге – 130, Қамыстыға – 130, Тауға – 195 орама шөп жеткізілді.
Гүлзара Мәли
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале