2.09.2024, 15:00
Оқылды: 39

«Жолдау көптің көңілінде жүрген ойларға қозғау салды» – Асылбек Досанов

7A4B16D7-3FD0-467D-B940-6166E0D2E47A

Асылбек Досанов

Ақсуат ауылдық әкімдігінің жетекші маманы

– Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жасады. Бұл Жолдаудың маңызы біз секілді жастарға жоғары, сол себепті асыға күттік. Маңызды құжатта осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды.

Жолдау көптің көңілінде жүрген ойларға қозғау салды. Мемлекет басшысы өз сөзінде:

«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді Президент.

Ел Президентінің айтуынша, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.

«Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.

«Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», - деді Президент.

Қорыта келгенде, «Жолдау» деген сөздің астарынан жаңалық пен өзгеріс күтетін халыққа бұл жолғы Жолдауда толықтай серпін бергендей болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале